Телеканал Хабар

Белькешев Жекен (1925-1991 жж.)

Belkeshov Zheken

Белькешев Жекен 1925 жылы дүниеге келген. Ол 17 жасында өз еркімен соғысқа аттанады. Өзбекстандағы Каттакорган қаласының оқу орталығында жаяу әскерлерді соғысқа дайындау оқу-жаттығуынан өтеді.

1942 жылы күзде Сталинград түбінде неміс әскерлерін қоршауға қатысады. Генерал-лейтенант Н.Ф.Ватунин командалық еткен әскерде қызмет етеді. Сондай-ақ Совет аумағын жаулардан азат ету жолында кавалерия әскер қатарында да абыройлы қызмет ете білді.

Сума, Мариуполь қалаларын жаудан азат етуге қатысып, Румынияға дейін жеткен. 1943 жылы 12 қарашада «Ерлігі үшін», 1945 жылы 9 мамырда 1941-45 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгeні үшін, Ұлы Отан соғысының І, ІІ дәрежелі орден және басқа да медальдармен марапатталды.

1946 жылға дейін әскери қызметін атқарып, соғыс кезінде алған жарақат салдарынан ІІ топ мүгедегі болып елге оралады.

Туған өлкесі ОҚО, Шардара ауданы, Көксу ауылында ауылдық кеңестің төрағасы болып қызмет етеді.

Үш ұл, үш қызды тәрбиелеп жеткізген.

1991 жылы өмірден озды.

Балалары, немерелері, шөберелері, шөпшектерінің атынан мың алғыс Сіздерге!

Авторы: шөбересі Уали Алуа Мұратқызы