Телеканал Хабар

Тілеуов Халил Жантұрұлы (1918-1989 жж.)

Tileuov Halil

Тілеуов Халил Жантұрұлы 1918 жылы Ақмола округінің №12 ауылында шаруа отбасында туған. Әскер қатарына 1941 жылының маусым айында шақырылды.

Соғыстың алғашқы жылдарында Ирандағы Қызыл әскерлер қатарында Совет одағының оңтүстік шекарасын неміс басқыншыларының диверсанттарынан қорғады. Үш елдің басшылары Сталин, Рузвельт, Черчилдің кездесулері кезінде қауіпсіздікті қорғауға қатысты.

1944 жылы 38-атқыштар дивизиясында батальон командирінің саяси орынбасары (замполит) болды. Батыс Украина, Польша, Чехословакия жерлеріндегі шайқастарға қатысты. Чехословакияның астанасы Праганы басып алу шайқасында алдыңғы қатарда болып, жауынгерлерді шабуылға көтерді.

Соғыстағы көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз», I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Еңбек Қызыл Ту», «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», III дәрежелі «Даңқ» медальдарымен марапатталды.

Туған жерге 1946 жылы оралып, ұзақ жылдар Ақмола қаласындағы «Облсельстрой» тресінде басшы қызметтерін атқарды. Еліне көрсеткен адал еңбегі үшін ордендермен, медальдармен марапатталды.

1989 жылы 71 жасында дүниеден өтті.