Ешимов Зикирия (1907-1990 жж.)
Менің әкем Ешимов Зикирия (1907-1990 жж.) Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Зіңкетер елді мекенінде дүниеге келген (кейбір құжаттарда 1910 ж.т. деп көрсетілген). 1926 жылдан кейін осы ауданның Комсомол совхозында тұрып, 1929 жылдан әскерден тыс 2 айлық даярлық оқуын курсынан өткен. Осы совхозда ауылдық кеңестің хатшысы қызметін атқарған. 1942 жылы Совет армиясы қатарына шықырылған. 32-гвардиялық атқыштар командасы құрамында (Калуга, Тула облыстары аймағында) соғысқа қатысқан. 1943 жылы ауыр жараланып, ІІтоптағы мүгедек болып елге оралған.
1943-1983 жылдар аралығында Комсомол совхозында бейбіт еңбекке араласып диханшылық етті. 1973 жылы «Социалистік жарыстың үздігі» медалімен марапатталды. Ұлы Отан соғысынан аман-есен елге оралып, ІІ топтағы мүгедек бола отырып «Социалистік жарыстың үздігі» атағын алған ардагер болмаған шығар.
Жанұясында 5 бала тәрбиелеп, 20 немере, 10 шөбере сүйді.
Мен әкемнің аруағына тағзым етемін!
Авторы: қызы Ешимова Ұлтай Зикировна