Телеканал Хабар

Рахымбаев Мұхтар (1902-1969 жж.)

Rahymbayev Muhtar

Нағашы атам Рахымбаев Мұхтар 1902 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Мұқыр ауылында (қазіргі Көкбай ауылы) туған.

1941 жылы желтоқсан айында майданға аттанған. 1942 жылы ақпан айында 595-атқыштар полкінде автоматшы болып Маршал Соколовский басқарған оңтүстік-батыс майданында соғысқа кірген.

1943 жылы тамыз айында Ржев қаласын алу үшін болған ұрыста оң жақ аяғынан ауыр жараланып госпитальға түскен. Осы жылдың желтоқсан айында соғысқа жарамайтын болғандықтан, елге қайтқан.

Соғыста жасаған «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Жеңіс» медальдарымен марапатталған.

Соғыстан кейін ауылдық кеңес төрағасы, колхоз председателі қызметтерін атқарған.

Авторы: жиен немересі Сүлейменова Аяулы