Телеканал Хабар

Тілемісов Тілеуіш

Tilemisov Tileuish

Сұм соғыстан біздің атамыз Тілемісов Тілеуіш те шет қалмады. Небәрі 18 жасында қан майданға аттанып, мерген болған.

Окопта әскерлерден артта қалып, қалың немістің арасында жалғыз қалып қойған. Барын салып, ол жерден сытылып шыққан.

Бомба жарылған уақытта топырақтың астында 3 күн көміліп қалған. Аяғының қимылдағанын көрген әскерлер ол жерден алып шыққан. Сол жерде контузия алып, кейіннен сол қолына оқ тиіп госпитальға түседі. Бос жатуды жөн көрмеген атамыз соғысқа қатты асығып, тіпті соғысқа жіберулері үшін жалынып сұранған. Майданға қайта оралып ұшақтарды бақылау барысында асқан мергендігімен жаудың ұшағын атып құлатқан.

Бүгінде атамыз тірілер қатарында жоқ болғанымен ,біздің жадымызда мәңгіге тірі. Бұл оқиғаның барлығын баяндап берген әжеміз Тілемісова Мөржан.

Авторы: немерелері