Әбішев Төлеген (1924-1996 жж.)
Әбішев Төлеген 1924 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Ангар ата (Кемеқалған) ауылында дүниеге келген. Соғыс жылдары 316-ші атқыштар дивизиясы құрамында, кейіннен Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық атқыштар Режицк Ленин орденді Қызыл ту дивизиясының құрамында қызмет еткен.
Ұлы Отан соғысында 1943 жылдың тамыз айынан бастап Калининский, солтүстік-батыс және ІІ Прибалтия майдандарының қызыл әскері болған. 1944 жылдың наурыз айында Пушкин таулары ауданында жарақат алған.
Қызыл әскерге 1943 жылдың наурыз айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгер АӘК шақырылды.
1944 жылы 21 шілдеде Төлеген Лудза қаласының маңайында бес автоматшы тобымен жаудың тылына түсіп, әскердің алға жылжуын ұстап тұрған екі пулемет нүктесіне жақындады. Гранаталарды лақтырып, автоматтан атып, жаудың екі пулемет нүктесін жойды.
1944 жылы 2 тамызда төрт автоматшы тобы М.Баркаваның маңайында қарсыластың флангіне кіріп, жеке екі гранатамен және автоматпен 12 сарбазды жойып, екеуін тұтқынға алды.
Мерген, қызыл әскер, жауынгер Әбішев Төлеген ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін» және т.б. медальдарымен марапатталды.
Әкеміз бен атамыздың ерлігі ұмытылмас! Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ерлігіне мәңгілік естелік пен тағзым!
Авторы: немересі Әбішев Ербол