Ідірісұлы Ақбек (1916 -1964 жж.)
Атам Ідірісұлы Ақбек 1916 жылы Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ағанас ауылында дүниеге келген. 1941 жылы майданға аттанады. Осы күні қолымызда сақталған құжаттар атамыздың сұрапыл соғыстың соңғы күндеріне дейін шайқасқанын дәлелдейді.
Марапаттары:
- Кеңес Одағының бас қолбасшысы Маршал Сталиннің 1945 жылғы 29 қаңтарындағы №265 бұйрығына сәйкес Германияны басып алудағы өте жақсы жауынгерлік іс қимылдары үшін жолдаған алғыс хаты;
- Әскери бөлімше командирі Л.Толстовтың атамыздың анасына жолдаған алғыс хаты;
Сондай-ақ батырлығы мен ерлігі үшін берілген наградалары біз үшін үлкен абырой және мақтанышы сезімін ұялатады. Соғыстан кейінгі жылдары да атамыз ел үшін ерен еңбек сіңірді.
1964 жылы дүниеден озды.
Авторы: Ідірісова Гүлжанар