Мадиев Әбсемет
Менің нағашы атам Мадиев Әбсемет 1923 жылы 17 қазанда Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
Білімі – орта. 7-сыныпта Аудандық әскери комитеті арқылы 1942 жылы ақпан айында майданға аттанды. Ұлы Отан соғысының жылдары майданның алғы шебінде батырлықпен Отанды қорғауға белсене қатысып, ерлік көрсеткен. Әскери қызметті Ленинград майданына қарасты 188 полк 63 дивизиясының 30 корпус құрамында 27 рет шабуылға қатысып, 4 рет жарақат алған, соның бірі 23 шілдеде 1943 жылы Ленинград майданында контузия алған. Құмның астында қалған, екі күннен кейін жасақшы санитарлар ес-түзсіз жатқан атамды госпитальге жібереді. Сол арада қара қағаз келеді. (Ленинград облысы, Арбузово поселкасының шығыс 800 метр жерде жерленген) бұл ақпарат «Боздақтар» кітабының 423 бетінде жазылған.
Жеңіс күнін 1945 жылы Курляндияда қарсы алған.
Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін II және III дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Ерлігі үшін», «Сталинградты қорғаған үшін», «Ленинградты қорғаған үшін», «Отан соғысының» орденімен және бірнеше медальдың иегері болған.
Жаңақорған ауданындағы қызметтес болған, араласқан азаматтар осы күнге дейін атамды үлгі тұтып, жақсы қасиеттерін еске алып отырады. Біз жалғастырушы ұрпақтары немере шөберелері атамызды әрқашан үлгі тұтып, мақтан етеміз.
Авторы: немересі Орманова Әйгерім Бауыржанқызы