Таушаев Исагул
Ұлы жеңістің 75 жылдығымен қадірлі атамыз Таушаев Исагул, əжеміз Таушаева Маруаны жəне атамыз Смагулдың рухтарына тағзым етеміз!
Атамыз Таушаев Исагул 1898 жылы туған. 1937 армияға шақырылып, 1939 жылы ауылына қайтар кезінде Ленинград және Прибалтиялық майдан шегінде үш қайтара ауыр жара алғанына қарамастан, қан майданның ортасына оралып, 1944 жылы сəуір айында 118 УР айырбастау пунктінде бомбалаған кезінде өз өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан, өз міндетін атқарып, ерлік көрсеткен үшін «За боевые заслуги» медалімен марапатталды. Сондай-ақ майдандағы ерліктері үшін бірнеше орденмен және медальмен марапатталған. Жеңіс күнін Берлинде қарсы алып, ауылына аман есен оралды.
Əжеміз 1939-1942 жылдары Қарағанды шахтасында еңбек лагерінде жұмыс істеп, ауылына оралады.