Исламов Шәмші (1913-1991 жж.)
Ел басына күн туған шақта, қарша борап тұрған оқтың қауіп-қатеріне қарамай аттанғандардың арасында менің де атам болды.
Соғыс ардагері Исламов Шәмші 1913 жылы дүниеге келген, 28 жасында елден жырақта қолына қару ұстап, қан майданға қаймықпай енеді. Соғыста оң аяғына оқ тиіп, ауыр жарақат алған. 1945 жылы маусымында елге жеңіспен оралады.
Бірнеше медаль мен «Отан соғысы I дәрежелі» орденімен марапатталған. Елге оралған соң ел алдындағы борышын еңселі еңбегімен өтейді. Атам мал дәрігері мамандығы бойынша еңбек етеді. Соғыстан кейін елге оралып, апамыз Нәліқызға үйленіп, алты ұл, үш қыз тәрбиелейді.
Шәмші атамыз 1991 жылдың қаңтарында 78 жасында дүниеден өтті.