Омар Рақышов (1909-1974 жж.)
Атам Рақышов Омар 1909 жылы Алматы облысы Алакөл ауданында Көктұма ауылында дүниеге келген. 1942-1945 жылдары 133-атты әскери полкында қызмет етті. Соғыс жылдарында үш рет жарақат алды. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін төрт медальмен марапатталған: 1. Ерлік үшін; 2. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін; 3. Ұлы Жеңістің 20 жылдығы; 4. Ұлы Жеңістің 50 жылдығы.
Кеңес Одағының маршалы Сталиннің бұйрығымен 5 алғысы бар . Атам еліне жеңіспен оралды. Бейбіт заманда Көктұма бекетіндегі шекара сарбаздарына атқа отыруды және шекара жолдарын көрсетіп, үйретті.
1974 жылы 65 жасында дүниеден өтті. Бүгінде 9 ұл-қыздан тараған ұрпақтары еліміздің әр өңірінде жемісті еңбек етуде. Мен өзімнің атамның майдангер болғанын, ұрыста ерлік көрсеткенін мақтан етемін! Ұлы жеңістің 76 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ардагерлер ерлігін ешкім ешқашан ұмытпайды!
Авторы: шөбересі Нұрғалиева Әсел