Сапан Ділдәбеков
Сапан Ділдәбеков 1923 жылы туған. 1941 жылдың күзінде өз еркімен әскери комиссариатқа келіп, әскерге алынады. Алғаш әскери қызметін Свердлов облысы, Орал әскери округінің 140 дивизиясында 615-атқыштар полкі, І-батальон, І ротада бастаған. Батыс майданда болды. Соғыстың 1942 жылдың қараша айында оң аяғынан қатты жарақат алып, емделді. Жазылған соң қазан қаласында армиялық КГБ қызметіне қабылданған. Соғыс біткен соң 1945 жылдың күзінде Москваның рұқсатымен Қостанайдағы Мемлекеттік қауіпсіздік қызметке ауысады.1945 жылдың күзінде Ұзынкөл аудандық МҚК бөліміне қызметке ауыстырылады. 1949 жылдың сәуірінде Алматыдағы МҚК мектебіне оқуға жіберіледі. 1950 жылдың жазында Обаған аудандық МҚК бастығының орынбасарлығына тағайындалып, 1952 жылы Затобол ауданына ауыстырылады.
1954 жылдан бастап Қостанай қаласындағы ІІМ облыстық басқармасында қызмет атқарады. Осы жүйеде үздіксіз қызмет атқарып, 1970 жылы еңбек демалысына полковник шенінде шығады. 2 орден, 15 медаль, Қазақ ССР Жоғарғы советінің мақтау қағаздарының иесі. Зейнеткерлікке шыққан соң аудандық ДОСАФ –та біраз жыл басшылық қызмет атқарды. 1995 жылы 73 жасында қайтыс болды. Соғыс ардагері өз тілегі бойынша Қостанай облысы, Торғай селосының «Өлмес»деген жерінде ауыл шаруашылық жұмыстарын ұйымдастырып жүргенде жазатайым, небәрі 32 жасында қайтыс болған әкесінің қасына жерленді. Анасының үмітін, әкесінің арманын ақтауға тырысқан жалғыз ұл Сапан Ділдәбекұлы саналы ғұмырын ел тыныштығын сақтау мен бейбітшілік үшін арнады деп айтсам артық болмас.
Авторы: туған жиені Күлдір Ізтілеуова