Телеканал Хабар

Сағымбай Мұқанов (1914-2001)

Сағымбай Мұқанов  (1914-2001)

Мен соғыс басталғанда 26 жаста едім. Әкеден жастай айырылып қалдым. Әкеміз қайтқанда мен 5 жаста, жалғыз інім 2 жаста еді. Үйдің бас көтерері мен болатынмын. Шешем маған арқа сүйейтін. Соғыстың алғашқы күні маған шақыру қағазы келіп, анам мен жалғыз інімді ауылда қалдырып, соғысқа аттанып кеттім. Анам көзінің жасын жаулығымен сүртіп тұрып: «Аман қайт, құлыным» деген болатын. Сол анамның тілегі мені қардай бораған оқтан аман алып шыққандай болды. Анамның тілегі мен жалғыз інімнің ниетіне мен елге аман сау оралдым.

Мұқанов Сағымбай пулемётшы

Менің Атам Сағымбай Мұқанов 1914 жылы Кішіқұмда дүниеге келген. 1941 жылы 5 шілдеде елін, жерін қорғау үшін Ұлы Отан соғысына аттанған. Соғыста Ақтөбе қаласынан жасақталған 38-атқыштар дивизиясы құрамында болған. Сталинград түбінде қанды шайқаста пулеметшы болған. Адам жаны төзбестей жағдайларды бастан кешіріп, қарша бораған оқтан аман қалып,1945 жылы аман есен елге оралған. Ұзақ жылғы еңбегі үшін «Еңбек ардагері», «Жуков» медальдарымен марапатталған.

Менің Атам өте еңбекқор, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын адам болған. Жаны жомарт, жан-жағына көмектесіп, жақындарына жан шуағын төгіп жүретін. Алдына көмек сұрап келген адамдардың меселін қайтармайтын. Бізді де адал, мейірімді, бауырмал болуға үйретіп отыратын. Мен осындай керемет тұлғаның ұрпағы болғаным үшін қуанамын.

Авторы: немересі Назерке Отаралы