Мұстафин Жамалбек
Мұстафин Жамалбек 1915 жылы 15 қыркүйекте Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған. 1940 жылы 6 ақпан №136 запастағы отрядный полкте қатардағы атқыш жауынгер ретінде әскер қатарына алынды.
1941 жылдың маусым айынан 1945 жылға дейін Ұлы Отан соғысында №191 горно-отрядный полкте пулеметші болып неміс шапқыншыларына қарсы шайқасқа қатысты. 1946 жылы еліне оралды.
1946 жылдан бастап Павлодар облысы, Май ауданы Киров атындағы совхозында мал шаруашылығында еңбек етіп, одан кейін тракторшылар бригадасының бригадирі, есепші, мал фермасының басшысы, зоотехник қызметтерін атқарып, талай жастарды еңбекке баулып, өз тәжірибесімен бөлісіп, жастарға тәлім-тәрбие беріп, ауыл шаруашылығын көтеруге өз үлесін қосты.
Еңбекте жоспарды асыра орындағаны және жоғары көрсеткіштері үшін бірнеше алғыс алып, еңбек кітапшасына енгізілді. 1979 жылы құрметті демалысқа шықты.
Мұстафин Жамалбек жұбайы Алтынмен 11 бала тәрбиелеп, балаларын да еңбекке баулып, адамгершілікке үйретіп, ел қатарына қосты. Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, немерелеріне де үлгі бола білді.
Авторы: немересі Динара Ибрагимова