Телеканал Хабар

Қабылан Балғазин

Қабылан Балғазин

Менің әкем Балғазин Қабылан Сейітжанұлы 1924 жылы Қостанай облысы, Амангелді ауданында туған. 1942 жылы 18 жасында Жангелді аудандық комиссариаттан майданға алынған. Польша, Румыния, Молдава, Литвия, Эстония елдерін азат етумен барлаушы болып Германияның Берлин қаласына дейін жеткен. 1943 жылы Калинин облысы Великие Луки қаласында ауыр жарақат алып, екі рет жараланған, бір рет контузия алған. 1945 жылы жеңісті 9-калоннада Берлин қаласында қарсы алған.

1942 жылы кеткеннен 1950 жылы бірақ оралған елге. Келген соң жанұялы болып, 5 бала тәрбиелеп, 13 немере сүйді.

Соғыста көптеген орден, медальдармен марапатталған. Ұлы Отан соғысының «Ерен еңбегі үшін», екі рет «Даңқ» орденімен, І дәрежелі Отан соғысының орденімен, екі рет «Ерлігі үшін» медалімен және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған. 2003 жылы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Әкем 2006 жылы 82 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ, жеңіске бүкіл ел бірлігінің арқасында қол жеткіздік. Жеңіс мерекесі келешек ұрпақ үшін есте қалатын мереке. Елімізде тыныштық орнады, бақытты өмір сүріп жатырмыз. Бұдан бұлай сұрапыл соғыс болмасын, елімізде тек қана бейбітшілік заман болып, көк туымыз аспанда желбірей берсін деп тілеймін.

Авторы: Балғазина Фарида Қабыланқызы