Телеканал Хабар

Нұрлан Мәсімовтың ісі сотқа жолданды

Бұған дейін Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы, генерал-майор Нұрлан Мәсімов пен оның орынбасары Дамир Сиразидимовтің және кәсіпкердің үстінен «ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық жасады» деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған еді. Енді тергеу аяқталып, Павлодар облыстық прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді. Мәсімов пен Сиразидимов 90 млн 300 мың теңге пара алды және арт-тех-қару-жарақ сатып алуға арналған 420 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған деп айыпталуда.