Менің арғы атам Бердіқұл Қалымбетов – Ұлы Отан Соғысының ардагері. 1920 жылдың наурызының 15 жұлдызында Қызылорда облысында туған. Соғыс басталғанға дейін Қызылорда облысының фельдшерлік мектебін оқу озаты болып аяқтаған. Сол себептен 16-батальонда, Украинаның 4-полкі, 128-гвардиясында 4 жыл бойы фельдшерлік қызмет атқарды. Майдандағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы, 2 мәрте «Қызыл жұлдыз» ордендерімен марапатталған.
Соғыс аяқталған соң маманы бойынша жұмыс істеді.
Қалымбетов Бердіқұл – ғалым, ботаник-миколог, фитопатолог. Саңырауқұлақтарды зерттеген тұңғыш қазақ маманы, биология ғылымдарының докторы (1963), профессор (1967).
Атам – «Споралы өсімдіктер» еңбегінің авторы. Саңырауқұлақтардың 100 жаңа түрін анықтап, 2000 түрін зерттеді.
1978 жылы, 58 жасында Алматы қаласында қаза тапты.
Авторы: шөбересі Боровицина Милана