В.Матузов: Астанадағы ИЫҰ саммиті үлкен мүмкіндіктерге жол ашады - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

В.Матузов: Астанадағы ИЫҰ саммиті үлкен мүмкіндіктерге жол ашады

  • Сәрсенбі, 13 Қыркүйек 2017 18:29

Сарапшылар «Үлкен жиырмалық» секілді ислам елдерінің бірлестігін құру жөніндегі Елбасының идеясына жоғары баға берді.

Алғаш рет Астанада өткен ғылым мен технология жөніндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымының бірінші саммитінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев осындай бастама көтерген еді. Ресейлік сарапшының сөзіне сенсек, ислам әлеміндегі ғылым мен экономиканы дамытуға негізделген жаңа құрылым Қазақстанның рөлін арттыра түседі.

Вячеслав Матузов, Араб елдерімен достық және іскерлік байланыс қоғамының президенті: 

- Бұл идеяға үлкен мән беріп қарау керек. Ислам елдерінде қаржы ресурстары жеткілікті. Біріккен Араб Әмірліктерінің өзін алып қарайтын болсақ, инвестициялық әлеуеті 1 трлн АҚШ долларына тең екен. Бұл дегеніміз – әлемдегі бірінші орын. Астанадағы бұл кездесу үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Ал Қазақстан технологиялық, ғылыми потенциалға ие. Ендеше ислам елдері дамуының локомотивіне айналуы мүмкін.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Жаңалықтарға жазылу

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.