×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144

Мәдениет

«Хабар» арнасы «Тасөткел» тарихи драмасын ұсынады

    Дүйсенбі, 15 Қаңтар 2018 17:14

Ашаршылықтан енді аман қалдым-ау дегенде ата-анасынан айырылған жеті жастағы Қасымның балалық шағы Қазақстанда емес, Ауғанстанда өтті.

Жетімдіктің ащы зарын татқан жеткіншек өзінің кім екенін білмей өсті. Ауғанстанда жүріп сұм соғысты көреді. Мейірімге мұқтаж баланың басынан ешкім сипамады, өз тамағын өзі тауып жеді. Кейін Түркияға көшіп, түбі туған жерін тауып келеді. Соқпағы көп, қиын да қатал кезеңді басынан өткерген баланың тағдырын тек біздің арнамыздан көре аласыздар!

30-жылдардың басы. Ашаршылық. Адамдар азып-тозып, тұрмыс тоқыраған кез. Бір тілім нанға зар болған халық құлқынның қамы үшін жат елге босып кетіп жатты. Ауғанстанды бетке алған бір отбасы ұзақ жолдың кесірінен аштықтан қырыла бастады. Қазақстаннан ата-анасымен бірге аттанған жеті жастағы Қасым Ауғанстанға тұл жетім болып жетеді.

Айдос Тұрысбек, «Хабар» телеарнасының бас продюсері:

– Фильмнің негізгі идеясы – бір адамның тағдыры арқылы 30-40 жылдары сырт елде жүріп, өмір сүріп жатқан қазақтардың тарихын көрсету. Сол жылдардағы әлі де көп ақтаңдақ беттерді ашып көрсету. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.

Тағдыр Қасымды талай қинады. Ата-анасынан айырылғаны аздай, ұлтының кім екенін, қайдан келгенін, түп тамырын білмеді. Ауғанстанда да тыныштық жоқ, соғыс басталады. Қасым Түркия асады. Ептілігі мен іскерлігінің арқасында кейін кәсіп ашып, тұрмысын біршама түзейді.

Сержан Зәкірұлы, сценарий авторы:

Енді-енді есін біліп келе жатқан бала жат жұртта өсті. Ешкім оған «сен қазақсың, сенің атаң осындай» деп айтқан жоқ. Ол жетім қалып, жетім өсті. Сонда да ол қанында бар тектілігімен, түптің түбінде өзінің кім екенін іздеп тапты. Туған жеріне оралды.

Шығармашылық топ көптеген сериалда бас рөлді сомдаған актерлерді емес, танымал болмағанымен, таланты өзгеден кем түспейтін әртістерді таңдаған. Тек бір адамның ғана емес, тұтас қазақтың тағдыры суреттелген тарихи драма ертеңнен бастап кешкі сағат 21:30-да көрсетіледі.

Авторы: Айбар Төлжанұлы

«Астана Опера» театры Кувейтте өнер көрсетеді

    Жексенбі, 14 Қаңтар 2018 09:29

Кувейт мемлекетінің астанасы Эль-Кувейт қаласында осы елдің мәдениет, өнер және әдебиет ұлттық кеңесінің ұйымдастыруымен XXIV халықаралық мәдени фестиваль басталды.

Бұл айтулы шараға дүниенің төрт бұрышына ең танымал деген өнер ұжымдары қатысып жатыр. Мақсат – халықтар арасында мәдени, рухани үндестік құрып, ынтымақтастықты арттыру. Осы фестивальдің аясында Абду-мухси Абдуриза атындағы театрда алғаш рет Қазақстан атынан «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрынының ұжымы концерт береді. Кеште атақты опера әншілері Майра Мұхамедқызы, Медет Чотабаев, Айсұлу Әбілханова мен домбырашы, дирижер Руслан Баймурзин өнер көрсетеді. Концертте классикалық музыканың үздік шығармаларымен қатар отандық композиторлардың тырнақалды туындылары да орындалады. Қазір өнерпаздар Кувейттің талғампаз көрермендерінің көңілін баурау үшін соңғы дайындықтарын пысықтап алды.

Абзал Мұхитдин, «Астана Опера» театрының дирижері:

– Бүгінгі бағдарламамызда әлемдік шығармалармен қатар қазақ туындылары да орындалады. Оның ішінде Абайдың, Құрманғазының және Нұрғиса атамыздың белгілі «Аққу» және «Баламишка» шығармасы бар. Концертімізді өнерсүйер қауым жылы қабылдайды деп ойлаймын.

Елбасы туралы фильмнің алтыншы бөлімі жыл соңына қарай көрерменге жол тартпақ

    Сәрсенбі, 10 Қаңтар 2018 11:38

«Көшбасшы жолы». Елбасы туралы фильмнің 6-бөлімі жыл соңына қарай көрерменге жол тартпақ.

Ал қазіргі таңда киноның бас режиссері Ақан Сатаев бастаған шығармашылық топ туындының түсірілімін жалғастыруда. Фильм 1994-1998 жылдарды қамтымақ. Мұнда Мемлекет басшысының елорданы Алматыдан Астанаға көшіру туралы шешімі де көрініс тапқан.

Бұл Елбасы туралы киноның 6-бөлімі болмақ. Қазір түсірілім барысы қызған. Бұған дейін шығармашылық топ киноэпопеяны Алматы қаласында түсірген болатын.

Ақан Сатаев, фильм режиссері:

– Негізі біз 1994-98 жылдарды қамтимыз. Астананың көшірілу мерзімін. Басты кейіпкеріміз – Елбасы. Оны сомдап жатқан Мұрат Ахманов дейтін актеріміз. Ол кісімен бұған дейін де жұмыс істедік. Астанада астаналық сахналарды түсіріп жатырмыз. Қыстық сахналарды.

Елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі – тарихи сәт. Осыдан 20 жыл бұрын қабылданған ауқымды шешімді бір фильмде көрсету, сол кезеңді айна-қатесіз көрерменге жеткізу – түсірілім тобының басты мақсаты.

Айта кету қажет, фильмнің сценарийін құруға Астана қаласының бірінші әкімі Әділбек Жақсыбековтың өзі тікелей араласқан. Сонымен қатар 1994-98 жылдары Елбасымен бірге жұмыс істеген азаматтар да шығармашылық топқа кеңесші ретінде қызмет көрсетуде.

Ілияс Саймасов, 1994-1998 жж. Президент күзетінің қызметкері:

– Түсіріліп жатқанның 90 пайызға жуығы – шынайы өмірде болған оқиға. Барлығын еш өзгеріссіз жасауға тырысып жатырмыз. Бұл фильмдегі кей көріністер Президенттің жеке өмірі туралы.

Фильмде ойнайтын актерлердің құрамы мықты. Туынды режиссері олардың гримдалған бет-әлпетін құпия ұстауда. Ал актерлердің сомдап жатқан кейіпкерлеріне ұқсауы шетелдік маманға сеніп тапсырылған. Ол үшін «Оскар» сыйлығының иегері, британдық гример Марк Кульер шақыртылған. Маман бұрындары Уинстон Черчилль, Маргарет Тэтчер сынды саяси тұлғалардың бейнесін келтірген.

Марк Кульер, гример:

Бас кейіпкердің бет-әлпетін жасауға 6-8 апта уақыт кетті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың түрін максималды түрде ұқсатуға тырыстық. Ол үшін көп мөлшерде жапсырма грим қолданылды. Грим жасайтын кейіпкерлеріміздің саны 16.

«Көшбасшы жолы» киноэпопеясының 6-бөлімі көрермендерге жыл соңына қарай жол тартады деп жоспарлануда. Туынды әдеттегідей екі тілде жарыққа шығады.

Ғалымдар: Астананың 1000 жылдық тарихы бар

    Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 22:33

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі аясында дәріс өтті.

Онда студенттерге көрменің мәнін ашатын тың деректер, маңызды мәліметтер ұсынылды. Елорда тарихына жеке тоқталған ел ғалымдары: «бас шаһардың 1000 жылдық тарихы бар», – деді. Және бұл дерек әлдеқашан ғылыми түрде дәлелденгендігін алға тартты. Айтуларынша, «Астананың тарихын 1830 жылы Ресей империясы құрған Ақмола бекінісінен бастау қате». Шетелдік зерттеушілердің еңбектерінен Сарыарқа жерінде болған тарихи қалалар туралы көп әмілметтер кездестіруге болады, – дейді олар. Тұңғыш Президенттің кітапхана қоры негізінде ұйымдастырылған жылжымалы көрме 14 қаңтарға дейін жалғасады. 

Зиябек Қабылдинов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Біздің Астанамыздың тарихы мың жылға барады. Мысалы, Бозоқ деген қыпшақтың қаласы 1000 жыл бұрын осында болған. Мәдени әкімшлік, діни экономикалық орталық болған. 1816 жылы осы Ақмола маңайында Ресейдің мықты геодезисі, зерттеушісі Иван Шанкин деген азамат болған. Сол ескі қалалардың жетеуін тауып алып, картаға сызып кеткен.