A+ A A-

XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты басталды

  • Жексенбі, 25 Ақпан 2018 17:03

Төртжылдықтың басты додасы XXIII Қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде аяқталды.

Салтанатты шараны өткізуге мыңдаған өнер адамы атсалысқан. Әрине, мұнда технологияның мүмкіндігі де кеңінен пайдаланылғандығы көрініп тұр.

Айта кетейік, әлемдік бәсекеде үш мыңға тарта спортшы бақ сынасты. Оның 49-ы Қазақстаннан. Жалпы Олимпиадада барлығы 15 спорт түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынды.

Естеріңізге сала кетейік, Пхёнчханда өткен Ақ Олимпиада сайыстарынан «Хабар» арнасының эфирінен жалпы көлемі 100 трансляция  шықты. Сондай-ақ «Хабар» Агенттігінің тәжірибелі тілшілері әзірлеген материалдар да күнделікті көрермен назарына ұсынылды.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз