Телеканал Хабар

Махметұлы Уәли (1926-2018 жж.)

Mahmetuly Uali

Махметұлы Уәли 1926 жылы Орал облысы, Орда ауылында дүниеге келген.

№88 түйе совхозынан 1943 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, 1945 жылы соғыс аяқталғанға дейін майданда болған.

Соғыс аяқталған соң қайта құру, қалпына келтіруге қатысып 1950 жылы елге оралған. Алматы қаласына оқуға түсіп, құрылыс инженері мамандығын алып, кейін геодезист мамандығын игеріп шыққан.

Бисен ауылында құрылыс мастері болып қызмет атқарады.

Зейнетке шыққанша соңғы 20 жылдай құрылыс инженері болып еліне адал қызмет етті.

Анамыз екеуі 4 ұл, 4 қыз тәрбиелеп, немере-жиен бағып, 60 жыл тату-тәтті өмір сүрді.

92 жасында жайдарлы қалпында өмірмен қоштасты.

Әкеміздің еңбекқорлығы, ақылдылығы, ер азаматқа тән қасиеті, салауатты өмір салтын өмір бойы ұстануы, ұрпағына деген шексіз мейірімі – біз үшін өнеге.

Авторы: қызы Махметова Венера