Телеканал Хабар

Сәрсенғалиев Бакар Жәрдемұлы (1925-2009 жж.)

Sarsengaliev Bakar

Сәрсенғалиев Бакар Жәрдемұлы 1925 жылы 9 мамырда қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Бисен ауылында қарапайым шаңырақта дүниеге келген.

Ауылдық мектепте 7-сыныпты бітіріп, 1943 жылы әскер қатарына алынып, майданға аттанады.

І Беларус фронтының 613-полкінде жауынгерлермен бірге жаумен шайқасады. Германия жерінде, соның ішінде Бранденбург, Берлин қалаларында соғысқа қатысады.

1946 жылы елге оралып, еңбекке араласады.

Сырттай оқып, 10-сыныпты бітіреді.

1954 жылы тың игерушілердің қатарында Жәнібек ауданы, Қамысты ауылына келеді. Сол жерде хатшылық қызметтерді атқарады.

Калинин совхозы құрылғаннан кейін жұмысшылар кооперативін басқарған.

1985 жылы зейнетке шығады. Жұбайы Үмбетқалиева Нәсіпжамал екеуі 1 ұл, 5 қыз тәрбиелеп өсіреді.

ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Берлинді азат еткені үшін» медалімен, «1941-1945 жылдары ҰОС қатысқаны үшін» медалімен және басқа да 9 әртүрлі медальмен марапатталған.

Ел басына қауіп төнген кезде қорықпай жауға қарсы шыққан ардагер аталарымызбен мақтанамыз. Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмауы тиіс. Олар – қазіргі бейбіт өміріміздің себепшісі бола білген нағыз ержүрек жауынгерлер! Қанмен келген Ұлы Жеңіс ұрпақтардың есінде мәңгі қалады.

Авторы: немересі Сәрсенғалиева Гүлзада