Телеканал Хабар

Нұрбеков Мейірбек (1923 - 2008 жж.)

Nurbekov Meyirbek

Еске түссе сол қасірет, сол жылдар,
Жүректерді дірілдетіп ой салар.
Бойласақ тереңдетіп түбіне,
Ашылмаған сырлар жатыр бұл сөзде.

Нұрбеков Мейірбек 1923 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы Шаян ауданы, қазіргі Бәйдібек ауданына қарасты Борылсай ауылдық округі, Ақбастау колхозында дүниеге келген.

Ержетіп, 18 жасқа толғанда 1941 жылы Ұлы Отан соғысына басталады.
1941 жылы тамыз айында атамызға əскери комисариаттан әскерге шақыру келді.

Тамыз айында əскерге алынып, Башқұртстан Республикасының астанасы Уфа қаласының əскери полигонына барады. Сол жерде 2 ай əскери жаттығуда болады.

Əскери полигонынан қараша айында алып кетіп, Воронеж қаласын азат ету ұрыс майданына алып келеді. Осы жерден ұрыс басталады. Воронеж қаласын азат еткеннен кейін әрі қарай Беларуссияға ұрысқа аттанады.

1944 жылы қыс мезгілі желтоқсан айында Брест қаласындағы ұрыста ауыр жарақат алып, госпитальға түседі. Есін жиған кезде госпитальда жатыр екен. Госпитальда 3 айдан көп жатады. Наурыз айында госпитальдан аяғының ауыр жарақатына байланысты елге қайтуға тура келеді. «Қолына əскерге жарамсыз» деген қағаз беріліп, елге оралады.


1945 жылы маусым айында атамыз Сүлейменқызы Бекзада анамызбен отау құрып, 6 ұл, 1 қыз тəрбиелеп өсірді. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырды. Бекзада анамыз 2007 жылы, ал Мейірбек атамыз 2008 жылы дүниеден өтті.

Бүгінде олардан 27 немере, 12 шөбере тараған.

Авторы: Ниязалы Нұрбековтар əулеті