Телеканал Хабар

Нұрғалиев Молдағали (1914-1995 жж.)

Nurgaliev Moldagali

Ұлы Отан соғысы ардагері, атамыз Нұрғалиев Молдағали 1914 жылы Новоресей ауданы (Хромтау ауданы), Сухиновка кеңшарында дүниеге келген.

1941 жылы майдан қатарына қосылып, 1945 жылы қазан айының 1 жұлдызында жеңіспен оралды.

1946 жылы 32 жасында әжеміз Айтенқызы Дәметкенге үйленіп 4 ұл, 3 қызға ардақты әке болып, бақытты өмір сүрді.

Соғыс кезінде 2 рет сол жақ беліне оқ тиіп, Калинин қаласында 2 ай ем алып, ұрыс даласына қайта қосылған. Майдан кезінде Бауыржан Момышұлының қарамағында болған. Оған Бауыржан Момышұлының қолы қойылған «дивизияда болған» деген кітапшасы дәлел.

Жауынгерлік батылдығына сай «Ерлігі үшін» медалімен, Ұлы Отан соғысының 10, 20, 30, 40, 50 жылдығы төсбелгілерімен, «Молодой гвардеец пятилетки», ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, КСРО Қарулы Күштерінің 70 жылдық, ал 1916жылғы ұлт-азаттық соғыстың 60, 70, 80 жылдығына арналған төсбелгілерімен марапатталған.

Жеңістің 30 жыл мерейтойында Новоресей аудандық депутаттар одағының, Жеңістің 40 жылдығына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау хатымен марапатталды.

1990 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен Ұлы Отан соғысы ардагерінің құрметіне және Жеңістің 45 жылдығына арнап атамызға тұрғын үй ордерін табыстады.

Оқ бораған майдан даласында қан кешкен жауынгер, асыл әке, ардақты атамыз 1995 жылы 81 жасында дүниеден өтті. Осындай бейбіт өмірді орнату үшін аянбай жанын салған атамызбен біз, ұрпағы , мақтанамыз! Ерен еңбегін ешқашан ұмытпаймыз.

Авторы: немерелері