Телеканал Хабар

Мырзақұлов Нарбек (1922-2000 жж.)

Myrzakulov Narbek

Отан соғысының ардагері, атамыз Мырзақұлов Нарбек Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Коммунар селсоветі, Қызылту учаскесінде 1922 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген.

Ауыл мектебін бітіріп, 1941жылы әскерге шақыртылады.

1941-1945 жылдар аралығында қатардағы жауынгер атамыз Ұлы Отан соғысына қатысады. Белоруссия аумағында соғысып, басынан, қолынан жарақат алып госпитальда жатады.

1946 жылы елге аман-есен оралып, 1947 жылы әжеміз Рәзия Арапқызымен отау құрады. 7 қыз, 3 ұл тәрбиелеп өсіреді. Кемпірінен ерте айырылған атамыз ұл-қызын өзі өсіріп, тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырады. Немерелерінің ең сүйікті атасы болған. Өмірдің қиын сынақтарына төтеп бере алмай, қатты науқастанып 2000 жылы 27 сәуірде 79 жасында қайтыс болады.
Ер есімі ел есінде. Нарбек атамызға мың алғыс! Атамыз Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін I дәрежелі Отан соғысы медалімен марапатталған.
Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

Авторы: Мырзақұловтар отбасы