Телеканал Хабар

Айбатыров Торша (1925-2013 жж.)

Aybatyrov Torsha

Жау Батыстан, Шығыстан да қоршады,

Қан майданға алып жатты баршаны.

Самурайға қарсы тұр деп жіберді,

Он сегізге жаңа толған Торшаны.

Менің атам Айбатыров Торша 1925 жылы 14 тамызда қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 1943 жылы небәрі 18 жасында Забайкал майданына қатысады. Жапониямен соғысқа ол №9 атқыштар дивизиясына қарасты 1036-санды атқыштар полкінің сапында болды. Атамның бір ғана мақсаты болды: жеңіске жету. Соғыс кезінде атам бірнеше рет ауыр жарақат алса да, берілмей, соңына дейін шайқасып, жеңіске жетті.

Елі үшін ердің тозар ұлтаны,

Келген жауды ізге түсіп құртады.

Дұшпандарға сан найзаны қадады,

Айбатырдың атқа қонған ұрпағы.

Атам көптеген медаль мен марапат алды. Олар: «Отан соғысы», «Әскери еңбегі үшін», «Соғыс ардагері», «Еңбек ардагері», «Жапониядағы жеңісі үшін» медальдары, «Георгий Жуков» ордендері және т.б..

Елдің атын шығарар ердің ері,

Сағынышпен қарсы алды туған жері.

Қайсарлықпен жауды жеңген жауынгер,

Еңбектің де атанды ардагері.

Менің атам – мен үшін үлгі тұтар адам! Әрдайым батасын беріп, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына мықты денсаулық және Қазақстан халқына бейбітшілік, молшылық тілеп отыратын.

Авторы: немересі Торшаева Гүлманат