Итжанов Серғали Итжанұлы 1913 жылы Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ортағаш ауылында дүниеге келген. Ол – Ұлы Отан соғысының ардагері. 1957 жылы мамыр айында қайтыс болды.
Итжанов Уәли Итжанұлы (құжаттарда Валей деп жазылған) 1926 жылы 8 мамырда Зеренді ауданы, Ортағаш ауылында дүниеге келген. Ол – Ұлы Отан соғысының ардагері. Әскер қатарына 1944 жылдың қарашасында алынып, елге 1946 жылдың қарашасында оралды.
1945 жылдың 25 сәуірінен 9 мамырына дейін Ұлы Отан соғысына 438-атқыштар полкы құрамында қатысты.
Марапаттары;
Аталарымыз әрдайым есімізде! Ерліктеріңізге тағзым етеміз!
Авторы: Әубәкірова Жадыра Мыңжасарқызы