Хабар телеарнасы

Таңатқанов Құрманғали және Таңатқанов Байзолла

Tanatkanov Baizolla

Таңатқанов Құрманғали атамыз 1902 жылы дүниеге келді. Ол өз еркімен 1942 жылы 4 қаңтарында майданға аттанды. Тула бағытындағы соғысқа қатынасты. Содан соң 64 әскер Сталинград майданына жол тартты. Оның 29 дивизиясына қараған 299-атқыштар полкі 82 миномет батальонында жаумен шайқасты. 1942 жылдың 5 тамыз күні екі аяғынан бірдей ауыр жараланыпты. Златоус госпиталінде аяғын кесіп, ІІ топтағы мүгедек деп елге қайтарылады.

Соғыстан келген соң 1948 жылы партия қатарына кірді. 9 бала, немере, шөбере тәрбиелеп өсірген.

Жауынгер ата елмен бірге колхозда еңбек етті. Теңдік ауылында 1992 жылы ақпан айында ұзақ ауырып, дүние салды. Жақсы адамның ұрпағы және өз қолымен жазылған поэмасы қалды. Тендік ауылында майданда қаза тапқан 126 боздаққа тұрғызылған ескерткіш бар.

Таңатқанов Байзолла 1922 жылы Красноармейск ауданы, Күншығыс ауылында туып өскен. Ұлы Отан соғысы басталмастан бұрын колхоз басқармасы болып жұмыс істеп жүріп, өз еркімен майданға аттанады. Ол кез 1942 жылдың 15 мамыры еді.

Ленинград майданына қатысты. Майдан даласынан жазған үш хаты мен бір ашықхат қана сақталып қалды. 1942 жылдың 29 шілдесінен кейін хабар болмай кетті. 

Авторы: немересі Сәуле Қойшина