Хабар телеарнасы

Наурызбекұлы Абдрахим (1927 - 2018 жж.)

Nauryzbekuly Abdrahim

Наурызбекұлы Абдрахим – бірқатар ордендермен марапатталған Ұлы Отан соғысының еңбек ардагері. Ол – үкімет саласында, ауыл шаруашылығында белсенді қызмет атқарған азамат.

Адал жар, ардақты әке, бәйтеректей ата, арқасүйер бауыр бола білген Абдрахим Наурызбекұлы 1927 жылы 10 мамырда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ақтам ауылында дүниеге келген. 5 жасында әкесінің жұмысына байланысты Жалаңаш ауылына көшіп, сол жерде тұрақтап қалады.

Жары Диханбайқызы Айшаханмен бірге 1 ұл, 5 қыз тәрбиелеп өсірді. Балаларынан 21 немере, 31 шөбере және 1 шөпшек сүйген.

Еңбек жолын радист болып бастап, кейіннен сауда саласында 20 жылдай жұмыс істеді. Содан орман шаруашылығына ауысып, сол жерден зейнетке шықты.

Ол – ешкімнің ала жібін аттамай, өз бала-шағасын адал еңбегімен өсіріп жеткізген өте адал, тәрбиелі, мейірімді жан.

Абдрахим Наурызбекұлы 2018 жылы 17 шілдеде 91 жасында дүниеден өтті.

Авторы: Медина Амантаевна