Хабар телеарнасы

Бижанов Әли

Bizhanov Ali

Бижанов Әли 1942 жылы 15 қарашада Қызылорда қаласынан әскерге шақырылған.

1942 жылдың қыркүйек айынан 1943 жылдың наурыз айына дейін 7 атқыштар даярлайтын оқыту бөлімшесінде білім алып, 1943-1945 жылдар аралығында қатардағы жауынгер болады. 1943 жылы26 қыркүйекте сол аяғынан жарақат алады.

1943 жылы 27 желтоқсанда екінші рет жарақаттанады, бірақ оған қарамастан қайтадан майдан алаңына оралады.

1943-1945 жылдары 82-панфиловшылар атындағы атқыштар дивизиясында барлаушы болған.

Барлаушылар дивизиясының құрамында Берлинге дейін жетіп, жауынгер Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккенінің куәсі болады.

Наградалары:

  • І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен;
  • ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен;
  • «Варшаваны азат еткені үшін» (1946 жылы 4 қыркүйек);
  • «Берлинді алғаны үшін» (1945 жылы);
  • «Германия маңындағы жеңісі үшін» (1946 жылы 6 мамырда) медальдарымен марапатталған.
  • Кейін Жеңістің 30, 40, 50 жылдығы медальдарымен, 1979 жылы «Еңбек ардагері» медалімен мадақталды. 

 

Өмірдің сексен деген белесінде,

Кете бардың келместің кемесінде.

«Жақсының аты өлмейді» деген рас,

Әли деген есімің ел есінде.

Ел есінде қадірлі тұлғаң тұрған күліп,

Ешқашанда қылмаймыз тұлғаңды ұмыт.

Отан үшін от кешкен он сегізде,

Жастығыңды соғыста құрбан қылып.

Құлата алмас ешқашан тұғырды ешкім,

«Бар байлығып, бақытым – ұлым» дестің.

Балкүлдей анамызбен бірге жасап,

Ғибратты, үлгілі өмір кештің.

Жеті ұлыңнан он төрт немере бар,

Он төртінен төрт бірдей шөбере бар.

Осынау өсіп-өнген ұрпағыңда,

Өзіңізден қалған мұра, өнеге бар!

Қарыздармыз таң үшін атқан күліп,

Қарыздармыз әр кешке батқан күліп.

Ұрпақтарың жүр бүгін ел ішінде,

Атасының ерлігін мақтан қылып. 

Авторы: келіні Рима Сұлтанова