Хабар телеарнасы

Салықов Құмар (1909 - 1993 жж.)

Салықов Құмар (1909 - 1993 жж.)

Салықов Құмар 1909 жылы 10 наурызда дүниеге келген. 1942 жылы соғысқа шақырылды. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1944 жылы  ауыр жарақаттанды. Майданда жасаған ерлігі үшін «За боевые заслуги» медалімен, «За Победу над Германией», «За Победу над Японией» медалімен марапатталды. Салықов Құмар 1993 жылы қайтыс болды.

Үлкен ұлы Гумаров Қамеш Құмарұлы көп жыл Теректі колледжінде директордың оқу-өндірістік жұмысының орынбасары, колледж директоры болып жұмыс атқарды.

Құмар атаның немересі – Бисенгалиева Эльмира Қамешқызы қазіргі кезде Теректі колледжі директорының оқу-тәрбие жұмысының орынбасары болып жұмыс жасауда.

Авторы: немересі Эльмира Бисенгалиева