Хабар телеарнасы

Маханов Мұса

Маханов Мұса

Маханов Мұса Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында 1922 жылы 1 қантарында дүниеге келген. 1941 жылдың 12 желтоқсанында Калинин фронтына 383-атқыштар полкына небәрі 20 жасында әскерге аттанған. Калинин фронтында взвод командирінің көмекшісі болып неміс басқыншыларына қарсы соғысқан.

1943 жылдың 1 сәуірінде Ржев қаласына шабуыл жасалған. Осы қаланы неміс басқыншыларынан азат ету барысында бас миына жарақат алған. Алған жарақатының ауыр болуына байланысты 1943 жылдың сәуір айында әскерден елге қайтарылған. Жарақатына байланысты ІІ топ мүгедегі берілген. Соған қарамастан елге келгеннен кейін аудандық жинақ кассасының аға бақылаушысы қызметінде жұмыс атқарған.

Ұлы Отан соғысының белсенді қатысушысы ретінде 1946 жылы Үкіметтің «За Отвагу»медалімен, 1948 жылы «За боевые заслуги», 1965 жылы «Ұлы Отан соғысына 20 жыл», 1975 жылы «Ұлы Отан соғысына 20 жыл», 1977 жылы «Ұлы Отан соғысына 30 жыл», 1985 жылы «Ұлы Отан соғысына 40жыл» медалімен, 1985 жылы «Отан соғысының І дәрежелі» орденімен марапатталған.

Авторы: ұлы Маханов Зерхан Мұсаханұлы