Хабар телеарнасы

Қоңырқұлжаев Өтжан (1908 жылы туған)

Konyrkulzhaev Otzhan

Қоңырқұлжаев Өтжан – IІ Дүниежүзілік Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол 1908 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жартытөбе селосында дүниеге келген.

1942 жылы 27 маусымда адамзат тарихында болған қасіретті сұрапыл соғысқа аттанған. Болашақ ұрпақ үшін ерінбей қан майданда тер төккен.

Қызыл әскер, яғни сол кездегі солдат 34 жасында 59 запастағы атқыштар полкі құрамында Ресейдің Чкаловский облысы (казіргі Ресейдің Оренбург облысы) әскери округінде және 114-әуе десанты атқыштар бригадасы құрамында, сонымен қатар Ленинград түбінде ел болашағы үшін жауға қарсы тұрған.

Атамыз Қоңырқұлжаев Өтжан соғыс жылдарындағы жауынгерлік ерлігі үшін ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен және медальдармен наградталған.

Ұлы Отан соғысындағы ел болашағы үшін, еліміздің бейбіт заманы үшін жауға қарсы тұрған ерлігі тарихта өшпес із қалдырған.

Ардагер атамыз ортамызда жоқ болса да, артынан қалған ұл-қыздары, немере, шөберелері қазақ қоғамында түрлі салада қызмет атқарып, бірі ұстаз, бірі математика ғылымының докторы атанған.

Атамыз Қоңырқұлжаев Өтжанның ұрпақтары аталарының Ұлы Отан соғысындағы қорғаушылары сапында болғанын және ұрпаққа ұмытылмас үлгі болатын ерлігін жадында мәнгі сақтап, мақтан тұтып келеді.

Авторы: немересі Өтжанова Әсел Нұрланқызы