Хабар телеарнасы

Исаев Жалал (1919 - 1970 жж.)

Isaev Zhalal

Менің әкем Исаев Жалал қазіргі Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Еңкес ауылында дүниеге келген.

Соғыс басталғанда Кеңес әскері қатарында әскери қызметін атқарып келгеніне бірнеше күн болған екен. Соғысқа 1942 жылы аттанады. 1945 жыл Германияны жеңгенше 13-атқыштар полкінде болады.

Белоруссия, Польша, Чехия, Словакия жерлерін азат етеді. Европада соғыс біткен соң Шығысқа Жапониямен соғыс фронтына жөнелтіледі. Халхин-Голмен соғысты аяқтайды.

Жапониямен соғыста 131-артиллерия дивизиясының құрамында бітіреді. Әкемнің әскери билетінде «1946 жылдың 24 желтоқсанында Сарыағашқа келді» деген жазу тұр.

Әкем – жігіттік өмірінің 7 жылын Отан қорғау ісіне арнаған кеңестік солдат. Миллиондаған теңдестері секілді менің әкем де Мәңгілік ел Қазақстанның дәуірін қалыптастырған «Өшпес полкте» мәңгілікке қалды.

Ерлік өшпейді, ер ұмытылмайды.

Авторы: қызы Исаева Парида Жалалқызы