Хабар телеарнасы

Исабеков Нарзулла (1924 - 1977 жж.)

1941 жылы өзінің жасын 1 жасқа ұлғайтып, Түркістан қалалық әскери комиссариатынан Отан қорғау үшін әскери қан майданға өз еркімен аттанған17 жастағы өрімдей жас Нарзулла Исабеков минометші болып майдан даласына аяқ басты.

Нарзулла Исабеков үшін соғыс Москва түбінен басталды. Алғыр да зерек Нарзулла өзінің қайтпас ерлігімен әскери қаруды жылдам әрі толық меңгергенінің арқасында алғашында минометшілер бөлімін, одан минометшілер взводын кіші лейтенант шенінде басқарды. «1943 жылы Сталинград шайқасында әкем капитан Нарзулла Исабековтің қол астындағы минометшілер ротасы ерлігімен айрықша көзге түсті. Олардың әрбір жауға атқан минасы жау шебін ойсырата қанға бөкті. Осылайша шығынға батқан гитлершілер рота орналасқан шепті самолеттермен бомбалап, Нарзулла Исабеков минометшілерін қатты шығынға ұшыратты.

Осы шайқаста әкем Нарзулла Исабеков те ауыр жараланды. Госпитальде емделіп шыққан соң, әскер қатарына жарамсыздығынан елге оралуға мәжбүр болды.

Елге оралған соң Нарзулла Исабеков ауылшаруашылық институтына түсіп, мал дәрігері мамандығын иеленді, отбасын құрды. 6 ұл, 3 қыз тәрбиелеп, үлкен әулеттің негізін қалады.

Авторы: ұлы Бауыржан Исабеков