Хабар телеарнасы

Дәулетбаев Жүсіпбек (1902 жылы туған)

Dauletbayev Zhusipbek

Менің атам Дәулетбаев Жүсіпбек Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Жосалы кентінде 1902 жылы дүниеге келген. Ол Ұлы Отан соғысына дейін Жосалы механикалық зауытында жүргізуші болған.

1942 жылдың мамырында майданға аттанып, Брянск бағытында шайқасқан 32-атқыштар дивизиясының 236-шы атқыштар полкінде автоматшы болған.

Атамның айтуынша, 1942-1943 жылдар аралығында Бәлекей Лукта және Кеңес әскерінің қоршауын бұзып шығуға талпынған фашистерді ойсыратуға бағытталған қанды қақтығыс майдандағы ең ауыр сәттердің бірі болды.

Одан әрі атамыз 1943 жылдың шілде-тамыз айларында Курск шайқасы барысында өткізілген Орлов стратегиялық шабуыл операциясына қатысқан.

Осындай шайқастардың бірінде 1943 жылдың шілде айында Дәулетбаев Жүсіпбек қолдың білезігін зақымдап, минаның сынығымен ауыр жарақат алған.

Әскери госпитальде ұзақ ем алып, 1943 жылдың қараша айында денсаулығына байланысты әскер қатарынан босатылып елге оралады.

«Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Жарақатына қарамастан, Жосалы кентінде әртүрлі салаларда еңбек жолын жалғастырды.

Жүсіпбек атам Күзенбай әжем екеуі 50 жыл бірге отасып, төрт ұл-қыз өсіріп, немерелерін бақты.

Авторы: шөбересі Жұмабеков Абылайхан