Хабар телеарнасы

Асқаров Қожа (1908 - 1990 жж.)

Kozha Askarov

Қожа Асқаров 1908 жылы Семей губерниясы, Қу болысына қарасты Арқалық ауылында зергер Асқар Өтекұлының отбасында дүниеге келген. 1928 жылы болыстық 4 кластық мектепті бітіріп, Семей педтехникуміне түсіп, 1929 жылы ІІ курстан комсомолдық жолдамамен Шыңғыстау ауданына бастауыш мектеп мұғалімдігіне жіберілген.

Техникумнан соң 1931 жылы міндетті әскери қызметтен өткен. 1933 жылы қазан айында Алматы жоғары коммунистік мектепке алынып (Алматинский КомВУЗ), 1937 жылы Қарағанды обкомы партноменклатурасынан отбасы жағдайымен (әкесі қайтыс болуы себепті) сұранып, оқу бөлімі арқылы Қу ауданының Арқалық (Ақтасты с/с) жетіжылдық мектебіне директор болып тағайындалған және сонда сабақ берген.

1937-1939 ж.ж. Қу аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.

1940-1943 ж.ж. Қу аудандық партия комитетінің хатшысы қызметінде жүріп, броньнан бас тартып, майданға аттанған.

1943-1945 ж.ж. ІІ Украина фронтында Отан қорғасып, (жауынгерлік «Қызыл жұлдыз» ордені, 10 медаль), бір жыл госпитальде жатып, 1946 жылдың  қарашасында ІІ топ мүгедегі болып оралған.

1946-1947 ж.ж. аудандық маслопром директорлығына жіберіліп, одан сол жылы оқу ісіне шақырылып, 1954 жылға дейін тарих-географиядан сабақ берген.

1954 жылы Арқалық колхозының правление председателі сайланып, 1960 жылы совхозға айналғанша істеген.

1961-1969 ж.ж. Абай астық қабылдау кәсіпорнында директор, Ленин колхозы басқарма төрағасы, Қаратау совхозында парторг қызметтерінен зейнетке шыққан соң Арқалықтан үй салып тұрақтаған.

№32 Арқалық орта мектебіне шақырылып, 10 жыл бойы тарих, география, қоғамтану пәндерінен сабақ берген.

1939 жылы КПСС мүшесі болып, «ҚазССР Халық ағарту ісінің үздігі» атанып, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалін, ҚазССР Жоғарғы Советі Президиумы Құрмет грамотасын иеленді.

1990 жылы қайтыс болды.

Авторы: қызы Күлзипа Асқарова