Хабар телеарнасы

Шымшықбаев Қалдыбек (1907-1970 жж.)

Шымшықбаев Қалдыбек (1907-1970 жж.)

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қызылту колхозында туған. Соғысқа 1941 жылы аттанған. Украинаның Ржев деген қаласында соғысқа қатысқан. Ржев қаласында соғысып жатқанда қоршауда қалған. Жазғы киіммен қоршауда жатқан кезде өздерінің, көмекке келген әскердің күшімен қоршауды бұзып шыққан. Солай өзіміздің әскерге қосылып, әрі қарай соғыса бастаған. Немістермен бетпе-бет соғысып жатқан кезде жараланған. Үш жерінен оқ тиіп, қолынан қатты жарақат алып, эшелонмен Ташкент қаласындағы госпитальге барып жатқан, содан кейін ол жақта алты ай жатып, емделіп келген.

Елге келгеннен кейін колхозда есепші болған. Соғыстан кейін екі ұл, төрт қыз сүйген. Олардан қазіргі таңда 32 немересі бар. Ол әжеме: «Ашаршылық жылдары аш адамдарға көмектескендіктен, солардың алғысының арқасында аман қалдым», –деп айтып отыратын. Соғыста көптеген медальмен марапатталған. Бүгінгі таңда үлкен әулетке айналған батырдың отбасы оны мәңгі мақтан тұтады!

Авторы: шөбересі Диана Байділда