Хабар телеарнасы

Смағұлов Құскен (1916-1975 жж.)

Смағұлов Құскен (1916-1975 жж.)

1916 жылы Павлодар облысы (Куйбышев ауданы) қазіргі Ақтоғай ауданы, Бірлік Колхозында қазіргі (Красная Поляна), Қараоба ауылында дүниеге келіп, 1975 жылы дүниеден өтті.

Жауынгерлік жолы:

1939 жылы тамыз айында Отан алдындағы әскери борышын өтеуге Қызыл әскерге аттанады. Сол беттен 1941 жылы үйге оралмай соғысқа аттанады.

1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Речицк Қызыл ту дивизиясының 470-атқыштар ротасы, Кутузов орден атқыштар полкі 194-атқыштар дивизиясының 2-атқыштар ротасында шайқасып, 1944 жылы жарақат алса да, жауынгерлік ісін жалғастырады.

1945 жылдың наурыз айы Германия (Шығыс Пруссия), Кенигсберг астанасының «Ной Пассар» жерлікті мекенінде немістермен қызу қақтығыс шайқас басталды. Немістер мықты қарсылық танытып, үйлердің терезесінен екі пулеметпен оқ жаудырып, бірталай қиындық көрсетіп, алға ұмтылуға жол бермеді. Бірақ артқа шегінуге жол жоқ еді. Командирдің рұқсатымен жолдас Смағұлов Құскен жерге жасырын жатып, еңбектеп, сол немістердің үйіне жасырын жақындап, терезесіне екі орам қол гранаталарын лақтырып, неміс пулеметтерінің үнін өшірді. Сол үйде алты фашистің мәйіті табылды. Совет одағының Қызыл әскері алға ұмтылып, жеңіске жетті. Смағұлов Құскен 1945 жылдың күзінде елге оралды.

Марапаттары:

Кеңес Социалистік Республикалар Одағының жоғарғы кеңесінің президиумының атынан Ұлы Отан соғысында жауынгерлік тапсырмаларды үздік және үлгілі орындағаны үшін, майданда жауынгерлік ерлік көрсетіп, батырлық танытқаны үшін, көрсеткен зор еңбегі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды.

Бейбіт өмірдегі еңбек жолы:

Құскен Смағұлұлы соғыстан кейінгі бебітшілік заманында колхозда егін алқаптарында геодезист, есепші болып қызмет етті. Өмірлік серігі Алтын Мұқышқызы екеуі үш ұл тәрбиелеп өсірді. 13 немере, 20 шөбересі бар.

Ата! Біз сіздің ерлігіңізді ешқашан ұмытпаймыз! Бізге бейбітшілік заман сыйлағаныңыз үшін алғысымыз шексіз…

Авторы: немересі Смағұлов Ербол Бахитұлы және Смағұловтар әулеті