Хабар телеарнасы

Сайынділдә Мамышұлы Мамышев (1913-1943 жж.)

Сайынділдә Мамышұлы Мамышев (1913-1943 жж.)

1945 жылы 9 мамырда Ұлы Жеңіске жеткеннен бері еліміз бейбіт өмір сүруде. Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл толмақ. 75 жыл бойы еліміз бейбіт өмір сүруде. Осы күнді жақындатқан ержүрек батырларымыз, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері мәңгілікке жадымызда сақтаулы. Бүгінде қайсар қарияларымыздың қатары сирегенімен, олардың ұрпақтары ортамызда. Ендеше мерейлі мерекеде бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігін еске түсіріп, құрмет көрсетейік. Осы бейбіт заманға әкелушілердің бірі ретінде өз аталарым деп мақтан тұтып айта аламын.

Атам Мамышев Сайынділдә Мамышұлы 1913 жылы Үлкен Нарын ауданы, Майемер ауылында дүниеге келген. Ол кісі 1941 жылы өз еркімен соғысқа аттанды. Сұм соғыс ешкімді де аямады.

Соғыс кезінде Ленинградта қызыл әскердің қатарында болған атам соғыс жылдарының аяғына таман із-түзсіз жоғалып кеткен. Кейіннен оның Ленинградта «Братская могилада» жерленгенін құжаттар бойынша білдік.

Ал 2018 жылы мамыр айында балалары Лениградқа басына барып, туған елдің бір уыс топырағын салды.

Авторы: Жансая Құмарова