Хабар телеарнасы

Айтбаев Мәлкен Айтбайұлы (1918-2002 жж.)

Айтбаев Мәлкен 1918 жылы 15 мамырда Ақмола уезі, Көкшетау губерниясының №7 ауылында дүниеге келді. Шешесінің 25 жасында қайтыс болуына байланысты Мәлкен ата 1930 жылға дейін әжесінің тәрбиесінде болады. Өмірдің ащы ауыртпалығын ерте көрген. Мәлкен ата Көкшетау жетімдер үйінде тәрбиеленеді. 5-сыныпты бітіріп, Көкшетау қазақ педучилищесіне түседі.

1937 жылы оқуын ойдағыдай аяқтап, өзінің алғаш еңбек жолын Қазақ ССР оқу-ағарту бөлімінің жолдамасы арқылы Атбасар қаласындағы балалар ауруханасының мектебінде бастап, 1939 жылға дейін еңбек етеді.

1939 жылы Совет армиясының міндетті әскери қатарына шақырылады.

1940 жылдың желтоқсанына дейін Сталин қаласындағы Харьков әскери округінің 263-ші жеке байланыс батальонының 25-атқыштар корпусында әскери қызметін атқарды.

1940 жылдың желтоқсан айынан 1941 жылдың қараша айы аралығында әскери міндетін Сумы облысы, Глухов қаласының 191 гап-та байланыс бөлімінде жалғастырады.

1941 жылдың қараша айынан 1942-жылдың маусым айына дейін ПРИВО Татищево станциясында 23 зап.Артилериялық полк батареясының саяси бөлім орынбасары болды.

1942 жылдың маусым айының 1943-жылдың қаңтар айына дейін Татар АССР-ін Елабуга қаласының әскери-саяси училищесінде оқиды.

1943 жылдың қаңтарынан 1943 жылдың маусым айына дейін Батыс майданы 40-бөлек атқыштар Қызылтулы бригадасының 3-атқыштар батальонында рота командирінің саяси бөлім орынбасары қызметін атқарады.

Жоғары Халық соғыс комиссариатының қаулысымен, кіші әскери бөлімдегі басқаруларды өзгертіп, Горьков облысындағы Выска қаласына оқуға жіберілді.

1945 жылдың шілде айынан 1946 жылдың наурыз айына дейін 1-Беларусь майданы, 5-алдыңғы қатарлы армия Суворов орденді және Берлин дивизиясы, 266 Қызылтулы Арметов, Кутузов орденді полкі, 410 Бранденбург артиллериясының батарейі зеңбіректер взводының командирі болады.

Соғыстан кейін 1946 жылы ақпан айында Жоғары әскери басқарманың жарлығымен полк Сталинград қаласына келеді. Солтүстік Кавказ әскери округтің бұйрығымен 1946 жылдың 20 наурызында туған елге оралады.

Бейбіт өмірдегі еңбегін білім беру саласына арнайды. Бүгінде соғыс және еңбек ардагері, асқар таудай әкеміз, атамыз арамызда жоқ. Өмір есігін ашқалы сан түрлі қиындыққа мойымай, ұрпағының бейбіт өмірі үшін күрескен Мәлкен атамыз 2002 жылы тамыз айында көз жұмды. Балалары мен немерелері атамыздың адал, еңбекқорлығын мақтан әрі үлгі тұтады.

Айтбаев Мәлкен Айтбайұлының наградалары:

- Қызыл жұлдыз ордені;

- Отан соғыс ІІ дәрежелі ордені;

- Отан соғыс ІІ дәрежелі ордені;

- Қызыл жұлдыз ордені. 

Медальдары:

- Варшаваны азат ету;

- Берлинді алу;

- Ұлы Отан соғысы 1941-1945ж. Германияны жеңгені үшін;

- Еңбекте үздік шыққаны үшін;

- Ұлы Отан соғысының жеңісіне 30 жыл;

- Еңбек ардагері;

- Ұлы Отан соғысының жеңісіне 40 жыл;

- Ұлы Отан соғысының жеңісіне 50 жыл;

- Жуков медалінің куәлігі.

Мақтау қағаздары

- 1944 жылы 22 маусым Польшаның Хольм қаласының жол торабын бұзып талқандағаны үшін;

- 1945 жылы 6 ақпан Радом қаласын алғаны үшін;

- 1945 жылы 29 ақпан Германияның Бранденбург қаласын алғаны үшін;

- 1945 жылы 2 мамыр Берлин түбінде жауды талқандағаны үшін.

Авторлары: туған-туыстары, балалары, немерелері