Хабар телеарнасы

Шоқабаев Қаби (1925-1999 жж.)

Шоқабаев Қаби (1925-1999 жж.)

Менің атам Шоқабаев Қаби 05.12.1925 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында Сəрбие ауылында, қарапайым отбасында дүниеге келген. Атамыз анасынан үш жасында айырылады. Анасынан ерте айырылған атам атамды әкесі Шохабай, екінші шешесі Мұнайра, ағасы Нəби тəрбиелейді.
1941 жылы ағасы Нəби Ұлы Отан соғысына аттанады. 1943 жылы 18 жасқа тола салысымен Қызыл армия қатарына шақырылады.  Беларусь майданында 32-танк бригадасы құрамында автоматшы болып соғысады. Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Беларусьті, Балтық бойын, Молдавияны азат етуге қатысты. Атам өз сауаттылығын көрсете біліп, штабта писарь ретінде ауқымды қызметтер атқарады. Мыңдаған қазақ жігіті Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Еуропа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне атсалысты. Атам өз қайсарлығын танытып, Кенигсбергке дейін жетіп, 1945 жылғы 1945 жылдың 9 мамырында Ұлы Отан соғыс аяқталып Қызыл армия жеңіске жеткен кезде, атам өз қайсарлығын танытып Кёнигсбергке дейін жеткен, Жеңіс туын желбіретіп Ұлы Отан соғысы ордені, бірнеше медальмен марапатталған.
Ағасы Нəби Ұлы Отан соғысында қаза табады. Ұлы Отан соғыс уақытында аяқ-қолы жаралы болып, мүгедектігіне қарамастан, еліміздің ашық аспанын қорғап қалуды ойлады.


1945 жылғы 9 тамыз одақтастық міндеттемелерге сәйкес КСРО соғысының соңғы ошағы Жапонияға қарсы соғыс басталды. Қиыр шығыста Жапонияға қарсы соғысқа аттанған әскери бөлімдер арасында менің атам Шоқабаев Қаби соғыс жылдарын жалғастырды.
1950 жылы елге оралғаннан кейін əскерде өз сауаттылығымен танылған атам Ойыл ауданында есепші қызметін атқарып қалады, сол кезде ауданда есепші қызметін атқарып жүрген ажем Гүлзайнап Галымжанқызымен танысып, бас қосады.


Ойыл ауданында ДЭУ-40, СПТУ-16 мекемелерінде атам əр жылдары қаржы саласында, партия ұйымдарында, ауыл шаруашылығы саласында жауапты қызметтер атқарады. Зейнеткерлік жасқа келгеннен кейін де тігін тігу мекемесінде бас есепші қызметін атқарады. Еңбегіне өте адал болғандықтан, еңбегі ескеріліп біршама марапаттарға ие болады.
Әжемізбен үш ұл және үш қыз тәрбиелеп, ұлын ұяға қызын қияға қондырып, үлгілі отбасы, ауыл мақтанышы болып ғұмыр кешті. Қазiргi таңда 23 немере, 37 шөбересі бар.
Атамың жеңiсi – менiң жеңiсiм! Мен атамның майданда болғандығын, өзінің жауынгерлік қайсарлығымен тіпті тозаққа түссең де, бастысы адам кейпіңді жоғалтпау керектігін дәлелдеген атамды мақтан тұтамын!
Авторы: шөбересі Нұғымет Ислам Дулатұлы