Хабар телеарнасы

Байгелов Қожахмет (1922 жылы туған)

Baigelov Kozhahmet

Менің әкем Байгелов Қожахмет 1922 жылы Степняк қаласында дүниеге келді.

19 жасында ол Көкшетау облысының Степняк аудандық әскери комиссариатына шақырылып, Қызыл Армия атқыштар күштерінің 124-атқыштар бригадасының қатарында қызмет еткен.

1942 жылы Сталинград шайқасында ол екі аяғынан ауыр жараланды.

ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін ол 1947-1954 жылдар аралығында Ішкі істер министрлігінің құрылымдарында қызмет етіп, Бөгенбай шахтасында жылу электр стансасын салушы жапондық әскери тұтқындарды күзеткен. Отбасылық мұрағатта әскери сіңірген еңбегі үшін медальдар мен кеңестік наградалары бар.

Авторы: қызы Байгелова Бағила Қожахметқызы