Хабар телеарнасы

Рустемов Жомарт Шаяхметұлы

Рустемов Жомарт Шаяхметұлы

Менің әкем Рустемов Жомарт Шаяхметұлы 25 жасында бұрынғы Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Чапаев атындағы колхоздан соғысқа аттанған.

Соғыста жаяу әскер қатарында болған деседі. Соғыс біткенге дейін әскер қатарында болып, Отан алдындағы өз міндетін адал атқарып, елге Ұлы Отан соғысы біткен соң бірақ оралған.

Соғыстан кейін ерен еңбектері үшін берілген көптеген орден-медалдары бар болатын. Анам Зейнеп Өтепқызы, тылда қызмет етіп, атқарған қызметтері үшін медальмен марапатталған.

Өмірге 4 қыз, 3 ұл әкеліп, тәрбиелеп өсірді. Балаларын адалдыққа, шыншылдыққа, еңбекке баулыды.

Осы кезде екеуі де дүниеден өткен.

Біз сіздерді әрқашан еске алып жүреміз. Сіздер біздің жүрегіміздесіздер!

Авторы: қызы Карамурзаева Алия