Хабар телеарнасы

Мұқажанов Рахмет (1908-1973 жж.)

Мұқажанов Рахмет (1908-1973 жж.)

Рахмет Мұқажанов 1908 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1926 жылы Ташкент педагогикалық училищесін бітірген, мұғалім.

Қызыл әскер қатарында 1942 жылдың тамызынан 1944 жылдың  сәуірі аралығында болған. Сержант Рахмет Мұқажанов 1943 жылдың 5 шілдесінен 21 шілдесі аралығында орталық майданның, 182-дивизиясындағы 860-атқыштар полкінің құрамында, Орел бағытындағы шайқастарға минометші қызметінде белсенді қатысқан. Курск доғасындағы шайқастар кезіндегі Орел қаласын азат етудегі ұрыстарда оң жақ жамбасын тесіп өткен жарықшақтан ауыр жараланған. Неміс-фашист басқыншыларын жою ұрыстарындағы жанқияр ерлігі үшін «Жауыңгерлік еңбегі үшін» (За боевые заслуги) медалімен марапатталған, «Еңбек Қызыл ту» ордені (Орден Красного Знамени) иегері. Соғыстан кейін мұғалім, колхоз төрағасы лауазымында еңбек етіп, қоғамдық өмірге белсене атсалысқан. Бес бала тәрбиелеп өсірді.

1973 жылы өмірден өтті.

Авторы: немересі Елдос Мұқажанов