Хабар телеарнасы

Раханов Ғабдуали Алтыбайұлы (1919-1995 жж.)

Раханов Ғабдуали Алтыбайұлы (1919-1995 жж.)

Ұлы жеңістің 75 жылдық мерекесі қарсаңында Раханов Ғабдуали Алтыбайұлы, яғни өзімнің әкем туралы айтқым келеді. Ол Шығыс Қазақстандағы Көкпекті ауданы Еспе ауылында 1919 жылы дүниеге келген.

Әкем ата-анадан ерте жетім қалып, нағашы ағайындарының қолында ер жетіпті. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, соғыс өрті шыққанда 481-артеллерия полкі құрамына алынады. Ел басына күн туғанда елін, Отанын қорғау үшін талай ерлік көрсетеді.

Әкемнің көрсеткен бір ерлігі туралы айтқым келеді. 1943 жылы Украина жерін босату кезінде өте қатты шайқас болыпты, әкеме жау танкілерінің бетін қайтарып, армияның алға жылжуына жол ашу тапсырылады. Фашистердің жаудырып атқан оғына қарамай, артеллериядан көздеп атылған шабуыл басталады, танктің көруге жасалған тетігінен тиген снарядтан жау танкисті жараланып, екінші танк қатар келіп, жаралыларын алып кетеді. Көп ойланбастан әкем қасындағы жүргізуші Толстокатконы ертіп, жау танкіне жетеді, ашық қалған танкке отырады да, Толстокаткоға «іске қос» деп, өзі жау танкісінің ату тетігін іске қосуға әрекет жасайды. Ату мұнарасының қозғалғыш тетігін тауып, көздеп атуды іске қосады, осы кезде танкте оталып, орнынан қозғалады. Артта қалған жауынгерлер жау танкісі деп ойлап, артеллериядан оқ жаудырады, танкті шұғыл бұрып, рациямен батарея қолбасшысымен хабарласып, көздеп ату тоқтатылады. Жаудың бетін қайтарып, танк қайта бөлімшенің қасына келгенде, комбат бастаған жауынгерлер күтіп алып, танктен көтеріп түсіреді. Осы кезде полк командирі Павел Городецкий де келіп жетеді, батарея командирі Кузнецов болған жағдайды баяндап береді, полк командирі алғыс айтып, танк бөлімшесіне тапсырылады. Осы ерлігі үшін әкеме «Қызыл жұлдыз» ордені беріледі, қалған жауынгерлер әртүрлі медальдармен марапатталады. Әкем Украина, Румыния, Венгрия жерлерін азат етуге қатысып, Румыния жерінде көзден жарақат алып, Трансельванда көзге ота жасайды. Сол госпительде жатқанда, госпительдің саяси жетекшісі лейтенант палатаға келіп, Шығыс Қазақсаннан Венгрияға дейін ерлікпен отанын қорғаған қазақ жігіті туралы мақала оқып береді. Правда газетінен әкем туралы оқып береді. Әкем жастығының астында ораулы тұрған партбилетін ұсынады. «Раханов Ғабдуали Алтыбайұлы сен екенсің ғой!», – деп палатадағы жауынгерлерге таныстырып: «Сақта, бұл тарих», – деп газетті әкеме береді. Міне осылай Правда газеті әкемнің қолына тиеді. Бұл газет қазіргі күнде Өскемен каласындағы мұражайда сақтаулы.

Әкем содан майданға жарамай, қайта қалпына келтіру жұмыстарымен Дрезден қаласында партияның тапсырмасымен фабрика коменданты болып жеңісті сол жерде қарсы алады, жұмысын күзде өткізіп , елге желтоқсан айында оралады. Елге келген соң туған жеріне еңбек етіп, колхоздың гүлденуіне үлес қосты. Әкемнің ерлігі туралы Потаповтың «Гвардейцы фронта и тыла» кітабында жазылған, қазір өзі тұрған ауылда көше аты беріліп, ескерткіш қойылған. Әкеміздің ерлігін мақтан етеміз, өмірін үлгі тұтамыз,  өсіп келе жатқан жастар есте сақтап құрмет тұтса екен деген оймен осы туралы айтып отырмын.

1995 жылы сәуір айында дүниеден өтті.

Авторы: Роза Ғабдуаликызы