Хабар телеарнасы

Мухамедов Сызғанбай Махамбетәліұлы (1916-1981 жж.)

Мухамедов Сызғанбай Махамбетәліұлы (1916-1981 жж.)

Менің әкем Мухамедов Сызғанбай Махамбетәліұлы 1916 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. В.И.Ленин атындағы мектепті жақсы бітіріп, Тәжікстан Республикасындағы ТГУ университетінің тарих және құқық факультетіне оқуға түскен. Бітіріп, мектепте мұғалім болып жұмыс жасап жүргенде, сұрапыл соғыс басталып, алғашқы еріктілердің бірі болып, 1941 жылы жазда майданға аттанады.

Әкем Сталинград қаласында шайқаста көптеген ерлік көрсетеді. Көпқабатты үйлерде немістермен шайқасқан әкем, жертөледе 17 неміс солдатын жалғыз өзі қолға түсірген. Әкем рота командирі болған. Сондай бір қанды шайқаста әкемнің басына жарылғыш заттың сынығы тиіп, қатты жараланады. Өзбек солдаты жаралы әкемді алып шығып, медбикелерге табыстап кетеді. Сол күні әкемнің айтуы бойынша шайқас ортасындағы солдаттардың біреуі де аман қалмайды. Әкем әскери госпитальден 1944 жылы соғысқа жарамсыз болған соң қайтарылады. Соғыстан соң әкем 1958 жылы анам Мухамедова Шарипамен отбасын құрады. Әкем мен анам 4 ұл, 5 қызды дүниеге алып келеді.

Міне осындай батырдың қызы болғанымды мақтан етемін. Тірі болғанда әкем 104 жасқа келетін еді. Ол 1981 жылы 22 мамырда дүниеден өтті. Мен әкемді қатты сағынышпен еске аламын. Осындай бейбіт өмірді сыйлаған әкеме мың да бір алғыс!!!

Авторы: қызы Мухамедова Жанна Сызғанбайқызы