Хабар телеарнасы

Ережепов Мүтәлі (1921-1996 жж.)

Ережепов Мүтәлі (1921-1996 жж.)

Менің атам Ережепов Мүтәлі Шымкент облысы, Киров ауданында өмір сүрген. 1941-1945 жылдары соғысқа қатысқан. Ауыр артелерияда қызмет еткен. «Соғыс оңай болмаған»,– деп үнемі балалары мен немерелеріне айтып отыратын. Жеңіске жетуге үлесін қосқан тұлғалардың бірі. Көп қалаларды алуға үлес қосқан. Берлинге дейін барғанын айтатын.

Екі рет «Қызыл жұлдыз»орденімен, бірнеше медальмен марапатталған. Соғыста оң аяғына оқ тиіп жарақаттанған. Соғыстың қиындығын есінен бір сәтте шығармаған. Бейбіт өмір сыйлауға үлес қосқан атама алғысым шексіз. Атам мен әжемнің екі ұл, екі қыз, 17 немере, 15 шөбересі бар. Жары Зүлфия қазіргі кезде 85 жаста.

Құрметпен немерелері!