Хабар телеарнасы

Қосбармақов Әбүтәліп (1905-1969 жж.)

Қосбармақов Әбүтәліп (1905-1969 жж.)

Қосбармақов Әбүтәліп 1905 жылы 20 желтоқсанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Аламесек ауылында дүниеге келген. Білімі – аяқталмаған орта білім.

1923-1926 жылдарда Совет Одағының Қызыл армиясы қатарында қызмет етті.

1927-1941 жылдар аралығында Тереңөзек заготскотында жұмысшы болып істеді.

1941 жылы 22 шілдеде Кеңес Одағына Германияның тұтқиылдан соғыс ашуына байланысты соғысқа кеткен алғашқылардың бірі болып, 1941 жылы Тереңөзек аудандық әскери комиссариаттың шақыртуымен неміс-фашист басқыншыларына қарсы соғысқа аттанды.

Соғыста Сталинград, Ленинград майдандарында, Еуропаны азат ету үшін жасақталған жаяу әскер жауынгерлері қатарында болып, 1945 жылы жеңісті Берлинде қарсы алып, 1945 жылдың ортасында елге аман-есен оралды.

Алған марапаттары:

  • «Ленинград майданының ержүрек жауынгері» алғыс хаты, 1945 жылғы 25 шілдеде;
  • «1941-1945 жылдардағы Германияға қарсы Ұлы Отан соғысы» үшін төсбелгісі, 1947 жылы 27 наурызда (Куәлік номері Ц №0212814).

Соғыстан кейін 1946-1963 жылдар аралығында Тереңөзек ауылындағы Заготскотта жұмыс істеп, еңбек демалысына шықты.

1969 жылы 10 қазанда Жалағаш ауданының Ақарақ ауылында қайтыс болды.

Жолдасы Опабекова Айымкүлмен үш қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірді.

Деректер, құжаттар, суреттер Қызылорда облысы, Жалағаш аудандық тарихи өлкетану музейінде сақталған. 2015 жылы Мәскеу қаласында Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған «Мәңгілік полк» электронды кітабында тіркелген.

Авторы: ұлы Қосбармақов Сейткамал Әбүтәліпұлы