Хабар телеарнасы

Мұқажанов Нығымет (1914-1969 жж.)

Мұқажанов Нығымет (1914-1969 жж.)

Нығымет Мұқажанов 1914 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген.

Қарағанды облысының Қу (Егіндібұлақ, Қазыбек би) ауданына қарасты Бастал ауылдық кеңесінің хатшысы қызметін атқарған Н.Мұқажанов Ұлы Отан соғысына осы жерден аттанады.

1942 жылдың 22-шілдесінен бастап 15 қыркүйек айы аралығында Н.Мұқажанов Ұлы Отан соғысының Воронеж майданының 60-атқыштар дивизиясындағы 516-атқыштар полкінің сапында неміс фашистеріне қарсы ерлікпен шайқасады. Воронеж қаласын жауға бермей қорғау ұрыстарына қатысушы Н.Мұқажанов 1942 жылдың 15 қыркүйегінде Воронеждің әр  көшесі үшін болған жанқияр шайқастар кезінде Дон өзенінің оң жағасына өту кезінде снаряд жарықшағынан ауыр жараланып, оң аяғынан айрылады.

Госпитальда ұзақ емделіп, 1943 жылы елге оралады. ҰОС аяқталған соң Бастал ауылдық кеңесіндегі қызметін абыройлы жалғастырады. Отбасында жеті бала тәрбиелеп өсірді.

1969 жылы қайтыс болды.

Авторы: қызы Сарқыт Мұқажанова